Студенттер үйі

Жатақханаға орналасуға қажетті құжаттар:

  1. Өтініш
  2. Жеке куәлік көшірмесі
  3. Жатақханаға орналасу төлемақы түбіртегі
  4. Медициналық тексеруден өткен құжат
  5. 3*4 фото 3(дана)
  6. дәптер (12 бет)

Ескерту: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттер тегін тұрады

Келісім шарт мерзімі: ағымдағы оқу жылының 1қыркүйегінен 30 маусымына дейін

Жатақхана №1

  • Толық жиһаздалған бөлмелер
  • Барлық бөлмелерде ас үй және жуынатын бөлмелер бар
  • Компьютерлік сынып
  • Интернет, wi-fi

Студенттер үйі №2

  • Толық жиһаздалған бөлмелер
  • Барлық қабатта жуынатын және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған
  • Кітапхана
  • Дене шынықтыру залы
  • Үстел теннисі
  • Компьютерлік сынып
  • Интернет, wi-fi (5,6 этаж)

Жатақхана №3,4

  • Толық жиһаздалған бөлмелер
  • Барлық қабатта тұрмыстық бөлмелер бар
  • Компьютерлік сынып
  • Интернет, wi-fi

Жатақханада тұрушының құқықтары мен міндеттері

        Жатақханада тұрушы міндетті:

  • Жатақханада тұрғаны үшін, сондай-ақ Университетпен берілетін есепке сәйкес, көрсетілетін басқа да қосымша қызметтер үшін төленетін төлемақыны (осы келсім шарт негізіндегі 4 тарауға сәйкес) уақытында төлеп тұруға;
  • Ішкі тәртіп ережелерін, Университеттің студенттер жатақханалары туралы Ережесінің талаптарын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, газ және электр құралдарын пайдаланудағы техника қауіпсіздігін, сондай-ақ санитарлық норма талаптарын қатаң қадағалауға;
  • Жатақхана тұрғындарының ішкі тәртіп ережелерін (психотропты заттар, алкогольді, құрамында аз мөлшерде алкоголь бар ішімдіктерді және есірткі заттарын қолдану, бұзақылық жасау, төбелес шығару, қоғам тыныштығын бұзу және т.б.) өрескел бұзғанын анықтаған тұлға,аталған фактінің орын алғаны туралы университет әкімшілігіне дереу хабардар етуге міндетті;
  • Тұрғын-жайларына, жатақхана дүние-мүлкі мен құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға, электр қуаты мен суды үнемдеп жұмсауға;
  • Бөлмесін таза және ұқыпты ұстауға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету, жатақхана аумағын көріктендіру және жасылдандыру, өздері тұратын бөлмелерде жүргізілетін жөндеулермен байланысты жұмыстардың барлығына, сонымен бірге жинастыру, тазалау жұмыстарына қатысуға;
  • Ортақ пайдаланылатын орындарда тазалықты сақтауға;
  • Жатақханада тұрушы бөлмесі мен ортақ пайдаланылатын орындардағы жатақхана мүлкі мен жабдықтарына нұқсан келтірген жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартылады;
  • Жатақхананың тіркеу есебіне жазылуға қажетті құжаттарды паспортист қызметкеріне ұсынуға;

         Жатақханада тұрушыға тыйым салынады:

1) Тұратын бөлмелерінде электрлік қыздырғыш құралдарды пайдалануға; Жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз бөлмелерінде жеке тоңазытқыштарды, радиоқабылдағыштарды, магнитофондар мен теледидарларды пайдалануға;

2) Бөгде адамдарды қондыруға;

3) Ортақ пайдаланылатын орындарда, бөлмелерде шылым тартуға және спирттік сусындар ішуге;

4) Жатақхананың ішкі тәртібін және Университеттің студенттер жатақханалары туралы. Ережесінің талаптарын бұзған жағдайда жатақханадан шығарылады.

 ЖАТАҚХАНАҒА КІРУ ТӘРТІБІ

  1. Жатақханаға кіру тәртібі арнайы үлгідегі рұқсат қағазының көмегімен жүзеге асырылады.
  2. Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып табылады. Жатақханаға кіру уақыты жаз уақытында 07:00-ден 21:30-ға дейін, ал қыс уақытында 07:00-ден 21:00-ге дейін.

Cерпін бағдарламасымен оқуға түскен студенттер қатысатын шығармашылық үйірмелердің жұмыс кестесі:

Үйірме атауы Аты-жөні Өткізілетін орны Апта күні, уақыты
Хореография Быдыкова Сауле

Кенесқазықызы

Тел: 87022097882

No1 Спорт кешені (кіші зал)

Сәрсенбі, 17.00-19.00

Сенбі, 11.00-13.00

Вокал, хор Маныбаева Гүлнар

Тлеубайқызы

Тел: 87474075743

Бас ғимарат, 125 аудитория

Сейсенбі, 17.00-19.00

Жұма, 17.00-19.00

Тәрбие бөлімі және жастар саясаты бөлімінің бастығы: Карибаев М.С
Бас ғимарат, 410 аудитория

Cерпін бағдарламасымен оқуға түскен студенттер қатысатын спорт үйірмелердің жұмыс кестесі осы жерден жүктеуге болады

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасымен оқитын студенттердің «Жаңа Серпін» қозғалысының көшбасшы-сардары: Саймағамбетов Нұрлытаң (+7 702 842 93 02).
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасымен оқитын студенттерге жауапты: Тұрысбеков Мирам – Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің маманы, (-7 747 501 60 47, +7 777 857 50 17)