Жидебайға сапар

21 мамыр күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  “Серпін – 2050” әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер Жидебайға барып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының, М.О. Әуезовтың үй-мұражайларына бару, сондай- ақ Күшікбай, Еңлік- Кебек ескерткіші сияқты жерлермен танысу. Оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған саяхатқа 200-ден астам студент қатысты. Басқа облыстардан келген студенттерді ұлы ақын туған, өмір сүрген күзеуі мен қыстауын, шабытын оятқан көктемгі дала көріністерін, тұтынған заттарын, өз қолымен ұстаған кітаптарын көрсету, ақын заманына бір барып қайтқандай әсер алдыру мақсаты жүзеге асқан сыңайлы.

Sw1v9CsFQaU

Әсерімен бөліскен инженерлік технологилық факультетінің 1 курс студенті – Ережеп Иманәли:

Абай ауданына кіре берісте, бізді қымыз бен тәттіге тойдырған, қара домбырамен жыр арнап, Қасқабұлақ ауданының әкімшілігі қарсы алды. Соның ішінде Абай ауданының әкімі Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлына, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты Мұқатай Асхат Амантайұлына алғыс бөлек!

Келесі аялдамамыз, Күшікбай бұлағы. Суының дәмі тіл үйіреді. Одан шөлімізді бір қандырып алып, жолдың арғы бетіндегі төбеде орналасқан батырдың зиратына зиярат еттік.

«Еуразия кеңістігінің кіндігі». Жидебай. Мұнда да бізді тосып отырған ұжым бар. Бізге арнайы әзірлеген концерттік бағдарламадан кейін, мұражайды тамашалап, шыны керек таңданысымызда шек болмады.

Абай үйінен шыққан соң, қос әулиенің зиратына тарттық. Қыстаудан бір шақырымдай жерде орналасқан бұл бейіт бүгінде символикалық кешенге айналған. Оған барар жолда қос алыпты туған қос ананың қабіріне тоқтап, құран бағыштадық

Екі қабірге екі алып мұнаралы аппақ кесене орнатылған. Оның өзі биіктігі алты метр, ұзындығы екі жүз қадам болатын алып тақтаның үстінде орналасқан. Аралығы жүз елу қадам қос мұнар бір-біріне сәлем бере асқақтап тұрғандай. Абайдың қасында інісі Оспан, Шәкәрімнің қасында ұлы Ахаттың денесі қойылыпты. Екі күмбездің ортасында төбесі ашық шағын амфи зал бар. Жыл сайын болатын «Абай оқуларының» ақтық сайысы осы кешенде өткізіліп тұрады екен.
Бір арман орындалды. Қара шаңырағым, Шәкәрім университетіме алғысымыз шексіз!

v2TTnoBELws

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған