«Университет аруы – 2016» анықталды

Наурыз айының 30-күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Студенттік көктем» фестивалі аясында «Парасат» интелектуалды пікір-сайыс клубы мен Қазақстан студенттер Альянсының ұйымдастыруымен «Университет аруы – 2016» байқауы болды. Аталмыш университеттің әрбір факультетінен 7 ару қатысып, қызықты әрі тартысты сайыс өткізді. Арнайы шақыртылған Mary Kay компаниясының директоры Отарбаева Сандуғаш Абенқызы, Zerda дизайнерлік брэнд фирмасының өкілі Алькенова Дарига Ерланқызы, еліміздің түпкір – түпкіріне тарайтын Le Vital сүт өнімдерін әзірлейтін фирманың өкілдері және White Dent тіс емханасының басшысы Оспанов Нұржан Бахытжанұлы сынды төрешілер қара қылды қақ жарып, сұлуларға өзіндік бағаларын берді.

Байқауға қатысушы нәзік жандылар бес түрлі сын барысында бақ сынасты. Олар : қыздардың ата – тегін таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен қазақ қызымын», қазақ қызына тән өнердің барлығын бойына жиған арулардың өнерін тамашалау үшін «Өнерлі өрге жүзер», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Актерлік шеберлік» және арулардың сән киім үлгілерін сахнада көрсету өнеріне машықтану мақсатында ұйымдастырылған «Қыздарға әсемдік жарасады» сынды сайыстар.

Сайыстың шырқау шегі, яғни қазылар алқасының шешім шығарар кезінде көрермендерді сергіту мақсатында университеттің күміс көмей әнші ұл, қыздары өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс барысында жеті қыздың көрсеткен кемшілік және ерекше тұстарын айту әділ қазы алқалар еншісінде болды. Сұлулар сайысының соңында сымбатты, инабатты, өнерлі де шебер қыздар Мисс Mary Kay – Мустафина Анель, Best model – Шарипханова Забира ., Жайлаугалиева Айдана., Мисс Виртуал – Мукажанова Ақерке , Бірінші вице Мисс – Махметова Мадина, Екінші вице Мисс – Серік Мархабат атанды. Ал бас жүлдені университ қабырғасында «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан Бозжанова Эльмира жеңіп алып, «Университет аруы – 2016» атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған