Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жайында ата-ана пікірі

Педагогика-психология мамандығы
Апсат Салтанат Серікханқызы
Топ ПИП-507
Ата-анасы Маманова Т.А.

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сөз бар қазақта.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылының тұрғынымын, Апсат Салтанат Серікханқызы кенже әрі еркем, қатарластарынан қалмай «Мәнгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алуда және жан дүниесі, ішкі рухани жігері басым болып келеді. Семей қаласының Шәкәрім университетінің басшылығына менің балама қолдау көрсеткені үшін шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінде менің балам өз қатарластарынан қалмай, заман талабына сай білім алуда. Ал өзім Маманова Тұрсынай Апсатқызы Қызылорда қаласында ауыл шаруашылық Зооветеринар мамандығын 1977 жылы тәмәмдадым, 23 жыл бойы мал дәрігері қызмет атқардым, баламда өзім сияқты жаксы, білімді, бәсекеге қабілетті маман болатынына сенімдімін!

Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын
Арманның қиялынан таңдағанмын
«Ұстаз» деген ұлы істің мәнін біліп,
Өміріме діңгек қып таңдап алдым.

Шәкәрім университетінің Педагогика факультетінің педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы Кошкимбаева Раиса Халыковна 5В010300 Педагогика және психология мамандығы бойынша 1 курс ПиП-507 тобының кураторы, әрі қызымның қамқоршысы, менің басқа қаладағы балама деген аландаушылығымды басатын жанашыр, сенімді ұстаз! Бала – біздің жарқын болашағымыз! Сондықтан балаларға дұрыс тәрбие бере білу, уақыт талабына жауап беретіндей білім сіңіруде педагогика факультетінің ұжымында қызмет атқарып жүрген білікті де білімді ұстаздар қауымына осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып, балама әрқайсысы мейірімі мен шапағатын төгіп болашаққа, үлкен өмірге дайындап ат салысып жүргендеріңіз үшін шексіз рахмет!
Ал біз сияқты зейнеткер жасына жеткен ата-аналарға баламыздың жоғарғы оқу орнында сапалы білім алғанының өзі бір ғанибет, басқа ештеңе керек емес! Педагогикалық қызметің тұлғаны қалыптастыруда – қаншалықты қиын, қайсарлық пен шыдамдылықты қажет ететінін біріміз білсек, енді біріміз біле бермейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған