Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жайында ата-ана пікірі

Батырбаева Диана
Физика мамандығы
Анасы – Батырбаева Бақыт
Оңтүстік Қазақстан Алматы облысы
Сарқан ауданы Петропавл ауылынан

Мен Батырбаева Бақыт қызым Батырбаева Диананың Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде білім алып жатқанын мақтанышпен айта аламын. Қызым осындай үлкен биік шаһарлы білім ордасында, білгірлі де, білікті ұстаздардан тәрбие мен өнеге алып жатқанына мен қуаныштымын. Менің қызым физика пәнінен ұстаз болуды бала кезден армандап өскен болатын. Енді сол арманы орындалуына аз қадам қалғаның менің жүрегім сезуде. Жаратылыстану-математика факультетінің, физика кафедрасын да білім алып жатқан менің қызым университеттің білім деңгейлігінің мықты екенің маған айтқан болатын.
Мен тамыз айының 28 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан Алматы облысы Сарқан ауданы Петропавл ауылынан қызымды Семей қаласына алып келгенде, бізді университеттің ұжымы және Жайнагүл мұғалім ерекше ықыласпен қарсы алған болатын, сол кезде-ақ мен қызымның мықты университетке түскенің байқаған болатынмын.
Қызым Найманбаев №4 жатақханада тұрып жатыр. Ол қазір өзіне көптеген сырласатын өзі секілді алыстан келген жолдастар тапты. Мен қызымның осындай жолдастар тауып, тез арада үйреніп, әрі биік дәрежедегі, білімі мықты университетте оқып жатқаның мақтан тұтамын және Оңтүстіктен Шығыс Қазақстанға қызымды әкеліп оқытқаныма өкінбеймін! Менің пікіріме көп атаналар қосылатыныма сенімдімін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған