«Серпін – 2050» бағдарламасымен оқуға түскен студенттердің қалалық форумы өтті

30 қараша күні ҚР түңғыш президент күніне орай, «Серпін – 2050» бағдарламасымен оқуға түскен студенттердің қалалық форумы өтті. Жиынның шымылдығы университет ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлының алғы сөзімен ашылды. Кейін, серпін жастарының лидері Саймағамбетов Нұрлытаң – «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында грант иегері атанып, қалаған мамандығымызда білім алып жатқан біз, бақытты жандармыз. Елбасымыздың бізге берген мұндай мүмкіндіктердің арқасында, мыңдаған жастар болашағына нық қадам баса алады. Арманына бір қадам жақындаған мен ,елбасымыздың бізге артқан үмітін ақтауымыз парыз деп есептеймін. Олай болса, мен сияқты жастардың араманына қол жеткізген елбасымыз жасай берсін демекпін. Тұңғыш президент күні құтты болсын!» деген ниетін жеткізді.
Құттықтау сөздерден соң форум концерттік бағдарламаға ұластын. Жиынға қаламыздың алты оқу орнынан келген студенттер өз өнерлерін ортаға салып, бірі ән айтса, енді бірі мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, студенттердің назарына Елбасы жайында бейне баян ұсынылды. Форум Футболдан жолдастық кездесумен аяқталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған