Ректордың серпіндіктермен кездесуі

P1050361    9 қыркүйекте Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша келген студенттерменен кездесу өткізді. Жиынға факультет декандары, «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант иегері атанған студенттер, халықаралық ынтымақастық және тәрбие жұмысы бойынша проректор Атантаева Бақыт Жұмағазықызы жәнP1050333е тәрбие бөлімі және жастар саясаты бөлімінің бастығы Карибаев Мақсат Серікұлы қатысты. Бұл кездесудің негізгі бөлімінде студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Шәкәрім университеті биылғы жылы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірінші рет студенттерді қабылдады. Дәл осыған байланысты, университет ұжымы басқа аймақтан келген студенттермен тығыз байланыс жасауда. Кездесуге қатысқан студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды, пікірлерімен бөлісті.  Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде студенттердің бір де бір сұрағы немесе ұсыныстары Шәріпбек Ағабайұлының назарынан тыс қалмады. Студенттер ректормен болған ашық пікір алаңына ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған