«Серпін – 2050» бағдарламасыменен білім алып жатқан студенттерменен кездесу өтті

28 қазанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Серпін -2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерменен Жеңісов Серік Жеңісұлы – Шығыс Қазақсатан облысының Ішкі саясат басқармасы басшысынIMG_0010ың орынбасары , Есімбекова Арайлым Керімбекқызы – Шығыс Қазақсатан облысының жастар орталығының директоры, Баешов Бекзат Боранбайұлы – Орталық мешіттің наиб имамы және халықаралық ынтымақтастық және тәрбие ісі жөніндегі проректор Атантаева Бақыт Жұмағазықы кездесу өткізді. Жиын барысында ашық сұхбат алаңына шақырған Арайлым Керімбекқызы студенттерменен пікір алмасып,студенттердің бүгінгі қал- жағдайын біліп қайтты. Аталмыш басқосудың ұйымдастырушылары университетіміздің тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімі. «Мұндай жиындардың ұйымдастырушыларына ризамыз. Университет басшыларының өзіміздің құқығымызбен міндеттеріміз жайында кеңінен ақпарат алуға мүмкіндік тудырып отырғанына ризамыз.» – дейді белсенді студенттер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған