21 мамыр күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттер Жидебайға барып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының, М.О. Әуезовтың үй-мұражайларына бару, сондай- ақ Күшікбай, Еңлік- Кебек ескерткіші сияқты жерлермен танысу. Оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған саяхатқа 200-ден астам студент қатысты. Басқа облыстардан келген студенттерді ұлы ақын туған, өмір сүрген күзеуі мен қыстауын, шабытын оятқан көктемгі дала көріністерін, тұтынған заттарын, өз қолымен ұстаған кітаптарын көрсету, ақын заманына бір барып қайтқандай әсер алдыру мақсаты жүзеге асқан сыңайлы.